Мектептің жаны – мұғалім » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

04
сентябрь
2023

Мектептің жаны – мұғалім

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 
Ахмет Байтұрсынов.
Ұстаздық жолды таңдаған әрбір жан үлкен жауапкершілікті сезіне білу қажет. Сезіне отырып еңбек етуде маңызды іс. Осы еңбек жолын кез-келген ұлағатты ұстаз жас маман ретінде бастайтыны белгілі. 
Мен - бүгінгі жас маманмын! “Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ,  “Филология” факультетінің түлегімін. Дәлірек айтатын болсам қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып тәмамдап шықтым. Бүгін мектептегі алғашқы жұмыс күнім мұғалімдермен бірге ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында “Лабиринт”, “Жасырын сөздер” және “Достық шар” ойындарына қатысумен басталды. Осы өткізілген жұмыстар ұжыммен  жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мектеп кітапханасына барып сабағыма қажет қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарын алдым. Ең алғашқы сабағым 6 “В” сыныбына Қазақ тілі пәнімен басталды. Өтілген тақырып “Менің Отаным - Қазақстан”. Сабағым ҚМЖ-да жоспарланған жұмыстар бойынша орындалды. Жас маман ретінде үйренерім әлі көп, алдыға қойған мақсатым — өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болып, білікті ұстаздардың қатарынан көріну.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее