19
сентябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында биылғы 165 жылдық мерейтойы шеңберінде
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыруды мақсат тұтқан Абай мұражайынан келген жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектептің оқушылары қатысты.
1858 жылы өмірге келген Шәкәрім өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Оның шығармашылығының негізгі арқауы адамгершілік, гуманистік, ағартушылық, имандылық жолына құрылған. Ол ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндеді. Шәкәрім мұрасының тәрбиелік мәні орасан зор.