"IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
ноябрь
2023

"IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

▶️Бүгін мектебімізде 
"IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

▶️ Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдау.
Ой-өрісін іс-жүзінде жамыту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Ойынға 9 сынып оқушылары қатысып, ойын барысында белсенділік көрсетіп, білімдерін ортаға салды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 
Сайыс барысында оқушылар 1 айналым "Бәйге" кезеңінде тез, шапшаң ойлану дағдыларын көрсетсе, 
2 айналым "Жорға" кезеңінде оқушылар өздеріне берілген берілген тапсырмаларды жылдам орындады. 
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын 3 айналым "Дода" кезеңінде өздерінің  тапқырлықтарын көрсете білді. Бұл кезеңде 4 тақырыптан тұратын 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық жиырма сұрақ ұсынылды.
Сайыс нәтижесінде 
9В сынып оқушысы Тұрсынқанов Темірлан 
1 орынға ие болды. 
9А сынып оқушысы Пермхан Нұрәли 2 орын. 
9В сынып оқушысы Рахимова Аружан 3 орын алды.
Ұйымдастырушылар:
Математика пәні мұғалімі: Қалиев Ерзат Ерланұлы
Физика пәні мұғалімі:
Капсалямов Канат Шарипович
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее