06
октябрь
2023
3 сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық сайысы өткізілді.
6 қазан күні 3 сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, көшбасшылыққа тәрбиелеу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. "Жапырақтар" әдісі арқылы әр топ бір-біріне жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі. Бірінші кезең "Бәйге" қызықты сұрақтарға әр топ оқушылары ойланып жауап берді. Екінші кезеңде оқушылар топтармен бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша "Пирамида" құрастырды. Үшінші кезең "Тіл өнері" ойыны арқылы топ басшылары арасында қызықты тапсырмалар берілді. Сайыстың соңғы кезеңі "Кітаптар сөйлейді" деп аталды. Бұл кезеңде оқулық бетіне әр топ өз тобына берілген мақал- мәтелді дұрыс тауып, оқулық бетін толықтырды. Сайыс соңында топ жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды.




https://youtube.com/shorts/NTmDxEiyA1o?feature=share




https://youtube.com/shorts/NTmDxEiyA1o?feature=share