29
сентябрь
2023
"Алтын ұрпақ" интеллектуалдық сайысы өткізілді.
29 қыркүйек күні 4 сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, көшбасшылыққа тәрбиелеу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. "Қолшатыр" әдісі арқылы әр топ бір-біріне жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі. Бірінші кезең "Ақиқат па, жалған ба?" қызықты сұрақтарға әр топ оқушылары қолдарындағы таяқшалар арқылы жауап берді. Екінші кезеңде оқушылар топта бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша "Пазл" құрастырды. Үшінші кезең "Патша" ойыны арқылы топ басшылары арасында логикалық тапсырмалар берілді. Сайыстың соңғы кезеңі "Мұзды мұхиттың қонағы" деп аталды. Бұл кезеңде ақылды қонжықтың тапсырмаларына әр қатысушы жылдам жауап беруге тырысты. Сайыс соңында топ жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды.

