«Кітап — әлемдегі құпиялы ғажайыптардың бірі» атты READ- x оқырмандар конференциясы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Кітап — әлемдегі құпиялы ғажайыптардың бірі» атты READ- x оқырмандар конференциясы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
ноябрь
2023

«Кітап — әлемдегі құпиялы ғажайыптардың бірі» атты READ- x оқырмандар конференциясы өтті.

10 қараша күні мектебімізде  «Кітап — әлемдегі құпиялы   ғажайыптардың бірі» атты READ- x оқырмандар конференциясы өтті.  
REАD-х негізгі мақсаты – оқыған көркем шығарманы қызықты, әсерлі әрі әзіл – қалжыңмен жеткізе білу. Бір есеппен дарындылығы мен шешендігін, шеберлігін байқатып ойын жүйелі жеткізу. Жақсы көңіл – күйде жан дүниең рухани ләззат алатын орта қалыптастыру. 
Бұл жолғы READ-Х конференциясына 13 спикер қатысып, тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында бөлісті.М.Ихсанғалиева Дулат Исабековтің  «Гаухар тас»,   Д.Ахметова А.Халимулдинаның «Мәншүк Мәметованың жұлдызды сағаты », Б.Айтмуханова Айнұр Тұрсынбаеваның «Мидағы миллион », Е. Аманбердина Абзал Құспанның  «Балалықтан даналыққа», А.Нұрланқызы Қаржаубай Омарұлының   «Әке» повесі, Г.Серикова Филиппа Перридің"Как жаль, что мои родители об этом не знали и как повезло моим детям, что теперь об этом знаю я", Б.Төлегенова  Жүсіпбек Аймауытовтың  «Ақбілек»,   Б.Мұнтаева Равикант К «Люби себя»,    А.Мұхаметқалиева  Луиза Л.Хейдің « Сені тек жақсылықтар күтеді.Өзіңе және өз күшіңе сен»,  Б.Курмашева Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», А.Камбарова   Дейл Карнегидің «Алаңсыз өмір сүрудің құпиялары»,  Д.Исатаева  Кәмшат Бекжігітованың  «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт», М.Даукенова Дулат Исабековтің  «Қарғын» повесі. Спикерлердің ортаға салған ойлары тыңдармандардың көңілінен шықты, көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады. Ұстаздардың өз өмірлік тәжірибелерімен параллель жүргізіп, ойларын жетік білдіргені жақсы әсер қалдырды.Шара соңында тыңдаушылар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, өздеріне болашаққа қажетті бағыт алды.











Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее