12
декабрь
2023
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 9 «В» сыныбында химия пәнінен зерттеу сабағы өтті.
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 9 «В» сыныбында химия пәнінен зерттеу сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: 1-топ элементтері және олардың қосылыстары. Оқу мақсаты: атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру; сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру. Сабақ барысында «Кездейсоқ топтық генератор» әдісі арқылы оқушылар 3 топқа бөлінді. «Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар берілді. «Бэкроним» әдісі химиялық диктант жазу арқылы терминтерді анықтады.«Tarsia» әдісі арқылы фигураларды құрастырды, «Сәйкестендіру» әдісі арқылы реакция теңдеулерін сәйкестендірді. Тапсырма орындауда дескриптор ұпайлары ескеріліп отырды. Кері байланыс «Ашық микрофон» арқылы жүргізілді. Зерттеуші топ сабақтың өту барысы туралы талдау жасады, келесі сабаққа әдіс-тәсілдер таңдалып алынды. Пән мұғалімі: Оразбеков.А.Т.
