20
февраль
2025
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 5-6сыныптар оқушыларын “Новатор” дебат клубына іріктеу мақсатында мектепішілік пікірсайыс өткізілді.

Өткізілу форматы: АФП.
Тақырыбы: “БП әлеуметтік желілердің пайдасынан гөрі зияны көп деп есептейді”.
Бұл тақырып бойынша дебат екі негізгі көзқарасты қамтиды: Үкімет - “Әлеуметтік желінің зияны көп”.
Оппозиция - “Әлеуметтік желінің пайдасы көп”.
Әр тарап өз дәлелдерін ұсынып, қарсы тараптың аргументтерін жоққа шығаруға тырысты.
Үкімет тарабы әлеуметтік желі психологиялық күйзеліске әкеледі, әсіресе жастар арасында депрессия, өзін-өзі төмен бағалау, жалғыздық мәселелері туындайтыны жөнінде пікірлерін ортаға салды.
Оппозиция тарабы әлеуметтік желілер арқылы адамдар жаңалықтардан хабардар болады, білім беру платформаларына қолжетімділік артады деген аргументтерін ұстанды. Жас пікірсайысшылар көпшілік алдында өз ойларын қысылмай, еркін жеткізе білді.
Дебатта суырылып алға шыққан тоғыз оқушы Новатор” дебат клубына қабылданды.
Жауапты: Дебат клубының жетекшісі Айтмуханова Б.Б.
[media=https://youtube.com/shorts/UjKpbmAezR0?si=lO5mtfcot5BfTp0z]