11
ноябрь
2020
Робототехникадан "Пайдалы ойындар" тақырыбындағы тренинг
11.11.2020 жылы онлайн ZOOM платформасында күзгі демалыс кезінде 5-7 сыныптар арасында робототехникадан "Пайдалы ойындар" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың робототехникадан алған білімдерін жинақтап, тереңдету, оқушылардың робототехника сабағы бойынша қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тренинг барысында информатика пәні мұғалімі Молдабекова М. және математика пәні мұғалімі Қалиев Е. балаларға LEGO® Digital Designer атты 3D модельдеу бағдарламасын ұсынып, EV3-дің негізгі үлгідегі роботтарды қалай жобалауға болатынын көрсетті. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойылды, ұйымдастырылған ойындар қатысушылардың көңілінен шығып, демалыс уақыттарын тиімді пайдалануда өз септігін тигізді.


