"Қазақстандағы металлургияның пайдасы мен зияны" тақырыбында кіріктірілген экосабақ өтті.
"№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені" КММ-де Қазақстан тарихы және математика пәнінен 5 "Б" сыныбында "Қазақстандағы металлургияның пайдасы мен зияны" тақырыбында кіріктірілген экосабақ өтті. Оқушылар металлургияның табиғатқа тигізер зияны мен пайдасы туралы өз ойларын ашық жеткізе білді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты ойын элементтері жүргізілді. Атап айтқанда «Kahoot» бағдарламасы арқылы «Картамен саяхат ойыны» оқушылардың белсенділігін арттырып, жаңа сабақты меңгеруге оң ықпалын тигізді. Оқушылар өздері мәселе туғызып, оны өздері шешуге тырысты. К.Д.Ушинскийдің дәлелдеуі бойынша ойындар баланың қабілетін дамытып қана қоймай, оны жетілдіре түседі.
Экосабақ барысында оқушылар табиғатқа төнген қауіптерін және оның алдын алу шараларын өздері мәліметтер арқылы анықтап, қорғап шықты. Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы. Экосабақты тарих пәні мұғалімі Муратқазыева М.Д., математика пәні мұғалімі Белгибаева А.А. өткізді.


