Әріптестерге хат » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
сентябрь
2021

Әріптестерге хат


Құрметті әріптестер!!!

  

Сіздерге зейнеткерлікке шығудың алдында хат жазып, ұстаздық еңбектің иірімінен ой бөліспекпін.

Ұстаз болу- жүрек қалауы. Өзің қалаған пәнге ұшан- теңіз білімге қоса, білімі мен тәжірибесі мол ұстаздардан алған үлгі - өнеге өмірлік азық болары анық.

Өзіңе жауапкершілік жүктелгенде қиындығынан қашпай, уақытында орындап отыру жинақылыққа, шапшаңдыққа бастау болады.

Ұстаз, шәкірт - бір- бірімен тығыз байланысты ұғым. Оқушы жүрегіне жол таба білу, ой- өрісіне шолу жасап отыру, қызықты сәттерді түртіп жазып қою да маңызды қадам болады. Естелік ешқашан ескірмейді. Өзіңе сапалы білім берген оқу орны ұстаздарының іс-тәжірибесін басшылыққа ала отырып, шеберлік тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерден де үйрене жүріп, үйрете жүріп, жылдарды артқа тастайсың. 

Құрметті, мектеп Директоры! Бұл лауазымның атқарар міндеті ұлан –ғайыр. Білім кемесін басқарып, жаңа заманның ұстазына тән  әдіс- тәсілдерді меңгертіп, қарапайым қызметкерден бастап, үлкенді –кішілі мұғалімдер қауымын өрге сүйреп, мектеп абыройы мен беделін қатар алып жүру де білікті басшының баспалдағы болады. Мен жұмыс жасағанан бері 4 – ші басшысымен еңбек етіп келем. Әр басшының талғамы мен білімі, өресі бірдей емес, бірақ мақсат пен мүдде бір болғандықтан асар асуымыз, шығар биігіміз де өз деңгейінде байқалып отырады.

Солардың ішінде Нұржан Нигметоллаұлының іс- тәжірибесі мен білімі маған оқшау дара көрінді. Аз ғана уақыт ішінде заманауи мектептің үлгісін көрсете білді. Мұғалімдердің шығармашылық қабілеті мен талантын аша түсті. «Жас келсе - іске» деген ұғымды дәлелдегеніне көзім жетті. 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ойды түйіп жазып отырмын. Бүл кісіден өзім де тәжірибе жинақтап, жұмысымды жандандыруға ұмтылдым. Үйренем десең, үйретері бар ортаның берері көп екен, әлі де еңбек еткің келеді, бірақ талаптан аса алмайсың. Басшылықтың жақсы бір тәсілі білімі мен білігі бар, оқу- тәрбие іс меңгерушілерін талғаммен таңдай білуде деп ойлаймын.

Жастардың берері көп болғандықтан уақыты келгенде абыроймен зейнеткерлік жасқа жетіп, кейінгі толқынға орын берген жөн сияқты. Немере бағып, қоғамға толыққанды ұрпақ даярлауға мүмкіндік болса ол жолдан қашпаймын. Зейнеткер мұғалімдерді ұмытпаңыздар. Уақыт келгенде сіздер де зейнеткерлікке шығарсыздар. Сол кезде менің ішкі толғанысымды жақсы түсінерсіздер.

Мектеп Ұжымына телегей теңіз табыс пен шығармашылық талант, мықты денсаулық пен ынтымақ, бірлік тілеймін.  Еліміз - аман, жұртымыз тыныш болсын!!!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Карменова Галина Нұраждарқызы


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее