Тәжірибеге бағытталған оқыту «Ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » Тәжірибеге бағытталған оқыту «Ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
март
2022

Тәжірибеге бағытталған оқыту «Ғылыми-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру»

2022 жылдың 02 ақпаны күні «№3 жалпы орта білім бертін мектеп-кешені» КММ физика және информатика пәні мұғалімдеріне «Үштік оқыту моделі» меморандумы аясында екі жақты құрылған жоспар негізінде Семей қаласының Шәкәрім университетінің аға – оқытушыларымен дөңгелек үстел өтті. «Автоматика және ақпараттық технологиялар» кафедра меңгерушісінің орынбасары Байбалинова Г.М., кафедраның аға оқытушылары
Оспанов Е.А., Беккасимова Д.Т., Жылқыбаев Т.С. , және «Технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасының» доценті Ибрагимов Н.К отырысқа қатысты. Дөңгелек үстелде бірінші танысу, мектеп мұғалімдері тарапынан программалау тілдері, авторлық бағдарламалар, жобалар, робототехника бағыты бойынша сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтар бойынша профессорлық санаттағы ұстаздардың жауаптары, түсініктемелері берілді. Профессор Надир Кадырович 3D принтерді қолдан жасау әдістерімен бөлісті. Екі тарап арасында аталған жұмыстар бойынша тығыз байланыс кәсіптік келісім жасалды. Келесі кездесуде мектеп оқушылары университеттің лабораториялық сабақтарына қатысып, практикалық жұмыстар орындайды, жоспар бойынша жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее