02
февраль
2021
«Пайдалы зат»
1 «В» сынып оқушысы – Ғапбасов Айназар тұрмыс қалдығын кәдеге жарату әдісімен бөлісті: «Мен бүгін әкемнің көмегімен тұрмыстық қалдықтарды қолдана отырып, тиын салғыш жасадым. Ол үшін біз пластик бутылка мен картон қағазын пайдаландық. Ең алдымен өзімізге керек пішінге келтіріп алдық. Картонға тасбақаның суретін салып, қиып алып боядық. Пластик бөтелкесін кесіп, дайындап алдық та екеуін біріктіріп бекіттік. Тиын салатын орынды дайындап, ішіне тиын салдым. Бұл тиын салғыш менің ойымнан шықты. Тұрмыс қалдығын қажетті затыма айналдырдым және күнделікті пайдалануға берілген ақшамды үнемді пайдаланып, осында жинайтын болдым».