«Экология және біз» сауалнамасы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
февраль
2021

«Экология және біз» сауалнамасы

Қала тұрғындарының экологиялық мәселелерге қызығушылығын анықтау мақсатында «№3 ЖОББМК» КММ математика пәні мұғалімі, эко-волонтер Қалиев Е.Е. «Экология және біз» сауалнамасын жүргізді. Сауалнамаға әр түрлі жастағы 30 қала тұрғыны қатысты. Сауалнама мынадай сұрақтарды қамтыды:
•     Сіздің пікіріңізше, экология - бұл ...•     Экологиялық мәселелерді ең маңызды мәселе деп санайсыз ба?•     Біздің қаламыздағы экологиялық жағдай қалай деп ойлайсыз?•     Қоршаған ортаны жақсарту үшін не істей аласыз?•     Сіз экологиялық ережелерді қолдайсыз ба?•     Қаламызды қалай тазартуға болатындығы туралы ұсыныстарыңыз бар ма?Сауалнама нәтижесінде барлық тұрғындардың тек қоршаған орта үшін алаңдаулы ғана емес, сонымен қатар болашақ жайлы ойлайтыны анықталды. Олар таза планетада өмір сүргісі келеді. Әлемдегі экологиялық ахуалдың қауіпті жағдайда екенін түсінеді.
Қаладағы экологияны тәртіпке келтіру үшін келесі ұсыныстар жасалды:
    Көшелерге ұсақ бұралар, жеміс көшеттерін отырғызу арқылы қосымша көгалдандыру;    Төгуге арналмаған жерлерге қоқысты тастамау, тастаған жағдайда айыппұл салу;    Мектептерде, балабақшаларда сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;    Үй жағдайында қалдықтарды сұрыптауды үйрену;    Конкурстық іс-шаралар ұйымдастыру;    Жекеменшік үйлер маңынан қоқысты шығаруды ұйымдастыру.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее