"Тұрмыстық қалдықтарды заттарды дұрыс сұрыптау" сұхбат » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » "Тұрмыстық қалдықтарды заттарды дұрыс сұрыптау" сұхбат

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08
февраль
2021

"Тұрмыстық қалдықтарды заттарды дұрыс сұрыптау" сұхбат


Эко волонтёр, тарих пәнінің мұғалімі Муратқазыева Мөлдір өзі тұратын көшедегі қала тұрғындарымен қалдықтарды дұрыс сұрыптау мақсатында сұхбат жүргізді.Күнделікті шығатын тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу, макулатура, бөтелкелерді өткізіп, пайда табу әрі қоршаған ортаны қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз болуы тиіс. Күнбе-күн қалдықтарды қоқыс жәшігіне салмас бұрын көпшілігіміз бұның бәрі қайда кетеді деп ойланбаймыз да. Пакеттерге тамақ қалдықтары, жуынды, қағаз, пластик аралас салынып, толассыз тасталып жатыр. Халық арасында сұхбаттар жүргізе отырып, қоқыс жәшіктерінде тек қоқыс атауларымен қатар олардың зиянды жақтарын ойландыратындай ғып немесе қызықтығып жазып қойса, онда мұндай жәшіктің жанынан өткен адам қоқысты сұрыптап салар еді. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее