Қалдықтардан биомоделдеуге» шағын-жобасы жүзеге асырылды.
«Жасыл мектеп» қоғамдық-экологиялық жобасы аясында 4-сынып оқушылары және ұстаздары қолдауымен «Қалдықтардан биомоделдеуге» шағын-жобасы жүзеге асырылды. Шараға 97 оқушы, 7 ұстаз қатысты. Олар пайдаланылған асхана майлықтарынан тұқым отырғызатын биоыдыстар әзірледі. Ақпан-наурыз айлары аралығында мектеп асханасына арнайы қорап қою арқылы пайдаланған асхана майлықтары жиналды. Күніне шамамен 60-80 майлықтан жиналды. 47 күннің ішінде 3525 майлық жиналды. Оқушылар жиналған асхана майлықтарын өңдеп, оған ұн, ПВА желімін қосу арқылы көшет отырғызатын арнайы ыдыстар әзірледі (100 майлықтан 5 ыдыс жасауға болады). Жиыны 175 ыдыс әзірленді. Әзірленген ыдыстардың 130-ы Ecoshop_semey интернет желісі арқылы сатылымға қойылды. Бір ыдыс құны 50 теңгеге бағаланды. Қалған 35 ыдысқа гүлдер мен қызанақ көшеттері отырғызылды. Алдағы уақытта осы көшеттер мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына жұмсалады. Мектеп оқушылары осы шара аясында; бір жағынан, қалдық заттарға екінші өмір сыйлай отырып моделдеудің қыр-сырын меңгерсе, екінші жағынан, мектеп ауласын абаттандыруға әрі шағын менеджмент, яғни, табыс көзін ашуды үйренді. Жасалған ыдыстардың құндылығы: көшеттерді ыдысымен бірге топыраққа отырғызуға болады. Ол өз кезегінде көшеттің тамырын зақымдамай, жылдам өсуіне септігін тигізеді. Ақпан айында ұйымдастырылған «Мектеп өмірінен бір күн» республикалық жобасының қалалық кезеңінде оқушыларымыз өз тәжірибесін 49 мектеп ата-аналарына және өкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, атап айтқанда 250 адамға таныстырды. Көктемгі демалысты пайдалы іспен ұштастыра отырып, оқушыларымыз моделдеуді үй жағдайында ата-аналарымен жалғастыруда