«Көп тілділік зертханасы» қалалық байқау-көрме
2019 жылы сәуірде Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен үш тілділік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде алғаш рет «Көп тілділік зертханасы» қалалық байқау-көрме өтті.
Байқау - көрмеде ағылшын тілінде оқытатын физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері және «Менторинг» пост-курсын қолдау бағдарламасына енген «Ұстаз» республикалық білім беру орталығының тренерлері болды.
Семей қаласының мектептерінен 32 ұстаз тәжірибесімен бөлісті. Байқауға қатысқан мұғалімдер физика, химия, биология және информатика сабақтарында қолданылған авторлық жұмыстар, әдістемелік нұсқаулар, тәжірибелік жұмыстар, шеберханалар, ағылшын тіліндегі дидактикалық материалдар ұсынды.
Біздің мектептен биология пән мұғалімі Исатаева Д.М. және мектебіміздің 8 «А» сынып оқушылары Айтказиев Нұрғазы, Смагулова Жаннұр, 7 «А» сынып оқушысы Әскер Аққу қатысты. №3 мектеп «Мектеп ауласы –қуаныш ортасы» жобасы екі тілде қорғалды. Экологиялық тұрғыдан мектеп ауласын көгалдандыру және тұрмыстық қалдық заттардан безендендіру жолдары туралы қызықты мағлұматпен алмасты. Нәтижесінде белсенділік танытып қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды .
Көрме жұмыстарымен қала ЖОО студенттері, мектеп оқушылары және үш тілдік курс тыңдаушылары тамашалады. Бір күн ішінде 500 ден астам адам келді. Олар үлкен қызығушылық танытты.

