Экология + қайырымдылық
Қамқорлық жасау - көмек қажет ететіндерге деген сүйіспеншілік пен жомарттықтық, таза пейілдің белгісі.
Мектеп оқушыларының бойында осындай шынайы сезімді қалыптастыру үшін не істей аламыз? Әрине, «Жасыл мектеп» жобасы аясында қолға алып, жұмыс атқарсақ, нәтижесін де көруге болады екен.
Біздің мектебімізде ауқымды іс-шаралар негізінде жас жеткіншекті елге, туған жерге деген шынайы қамқорлық жасауға бағыттап жатыр. Қалдық заттардан жиналған қақпақтарды қайта өңдеуге жіберу арқылы «Қайырымдылық» жасауға шақырдық. Соның бір көрінісі қалдық заттарды жинап іске асыру, нәтижесін оқушыларға көрсету. Осы мақсатта бүкіл мектеп оқушыларымен ата- аналарының бірлесіп жасаған әрекеттері тамаша нәтиже берді. Қамқорлық акциясы аясында сусындарға арналған қақпақтар жинау барысында әрбір сынып 5 литрлік суға арналған шөлмекті қақпақпен толтырды. Әрине, бірден бір күнде толтыру мүмкін емес, бірақ әр оқушы ата- анасымен жауапкершілік танытар болса, бұл істің де нәтижесі болады екен. Мектебімізде 34 сыныптың барлығы ата – анасымен бірлесе отырып 34 данадан құралған 5 литрлік шөлмектерді 5 күннің ішінде толтырды. Мектеп ұжымы, оқушылар, ата - аналармен ат салысып алғашқылардың бірі болып толтырған сыныптар да болды. Олар 6 «А», 9 «Б» сыныптары ұйымшылдық таныта білді. Аталған сыныптар Семей орманына саяхатқа жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымыз таза ауа да эко волонтер тобының ұйымдастыруымен өткен «Көңілді старт» ойынына қатысып, жақсы көңіл күймен демалып қайтты. Жиналған қақпақтар мөлшеріне, көлеміне және түсіне қарай бөлініп, кілемшелер (нүктелік массажға арналған) жасалды. Қақпақтардан жасалынған кілемшелер ECOSHOP интернет дүкеніне сатылымға қойылып, түскен қаржыға оқушыға керек заттар алынып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға табыс етілді. Бала қуанышымен ата- ана қуанышына үлес қосқан мектеп ұжымы шынайы көңілден шыққан ризашылықтың куәсі болды.