Ғаламшарға көмектес. Помоги планете. Help the planet. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
март
2020

Ғаламшарға көмектес. Помоги планете. Help the planet.

Қазіргі қоғамның тұлғаға қоятын талабы - оның экологиялық санасының және мәдениетінің жоғары болуы. Сондықтан  қазіргі таңда   мектебімізде  оқушылардың  экологиялық  көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру қолға алынып отыр. 

Мектебімізде ағылшын тілін оқытуда экологиялық тақырыптар бойынша  үй тапсырмаларын беру  - баланың табиғатқа деген қамқорлығын арттырып, табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сезінуге  үйретеді. 

Осыған орай 4 «Г» сынып оқушыларына «Help the planet» тақырыбында   сабақ өткізілді. Оқушыларға үйге қоршаған ортаны қорғауға шақырылған «постер» жасауға тапсырма берілді.

8 «Г» сыныбында «Natural world» атты тақырыпта сабақ өткізіліп, үй тапсырмасына эссе жазып, презентация жасауға тапсырма берілді. Осы тәрізді үй тапсырмалар оқушылардың  бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыруға септігін тигізеді. 

3-сыныптарда «Bright ideas» тақырыбында сабақ өткізілді. Үй жұмысы: Оқушылар 3 топқа бөлініп, 3 түрлі постер жасап әкелуге тапсырма берілді. Орындалуы: 3 түрлі постер. 1-қоқыстарды өңдеу, 2-пластик заттардан бас тарту, 3-қоқыстарды сұрыптау. Әрбір оқушы берілген тапсырманы жоғары ынтамен, қызығушылықпен орындады. Экологиялық тәрбие тақырыбындағы осындай жұмыстар баланың табиғатқа деген қамқорлығының бала кезден қалыптасуына жасалатын мол мүмкiндiк екендiгi сөзсiз.







Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее