Экологиялық сағат
№3 жалпы орта білім беретін мектеп – кешенінде 2020 жылдың 10 наурызында эко технология жобасының аясында 7 «Б» сыныбында «Табиғат және адам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына директордың ОТІЖО мен ТІЖО және ұстаздар қатысып, соңында оқушыларға алғыстары мен тілектерін білдірді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, табиғатқа көзқарасын одан әрі оята отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысында оқушылар табиғат пен адамның егіз екендігін, табиғаттың сыйы зор екендігін және адамзат сол табиғат берген сыйды қажеттілігіне пайдаланып, бағалап, одан қалған қалдықтарды тастамай бір емес, мың есе тұрмысқа жарату қажет екендігін, сол арқылы қаражат үнемдейтіндігін, сонымен қатар даланы қоқыс қалдықтарынан таза ұстайтындықтары туралы құнды ойларымен бөлісіп, практика жүзінде қалдықтармен бірнеше жұмыстарын (қолөнер) жасап, көрсете білді. Сонымен қатар тәрбие сағатының көрнекілігін де оқушылар үйден өздері әр түрлі қалдықтардан (картон, түрлі-түсті қағаз, т.б.) жасап, безендірді. Тәрбие сағаты оқушылардың көңілінен шығып, құнды кері байланыстарымен аяқталды.
7 «Б» сынып оқушылары болашақта да осы тақырыпта көптеген шаралар өткізіп, табиғаттан алынатын байлықтарды бағалап, табиғатқа және оның тазалығына ерекше мән беріп, кез-келген қалдықтарды іске асыра біледі деген сенімдеміз!