Табиғат аясындағы сабақтар » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
апрель
2020

Табиғат аясындағы сабақтар

«№3 ЖОББМК» КММ 7-8 сынып оқушылары Семей қаласы биологиялық орталығына таным жорық сабақтарына барды. Оқу бағдарламаларын толық орындау үшін тақырыптық топсеруендер жүргізілуі тиіс. Ал табиғаттың сан алуандығы мен ерекшеліктеріне терең үңілу үшін тірі объектілермен тығыз байланыста болған абзал. Осы мақсатта оқушылар биологиялық орталықтағы тірі табиғат мүйісінде мазмұнды сабаққа қатысты. Оқушылар бойында экологиялық эмпатияны, табиғат көрінісін эмоция арқылы қабылдауын  тәрбиелеу үшін тірі табиғат аясына танымжорық жиі ұйымдастырылуы керек. Бұл орайда биологиялық орталықтың мүмкіншілігін толық пайдаланған жөн. Сондықтан жыл бойы мектеп осы қосымша білім беру ордасымен бірлесе жұмыс атқарып келеді.

Оқушылар танымжорықтан білімдерін толықтырып, жақсы көңіл күймен оралды. 


«№3 ЖОББМК» КММ

 Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

С.С. Оспанова  


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее