08
апрель
2020
"Қалдықтың екінші өмірі"






Мектеп психологы Сапарова А. А. "Қалдықтың екінші өмірі" атты тәжірибесімен бөлісті. Егер үйіңізде керек емес заттар, қалдықтар жатса, оны лақтыруға асықпаңыз. Сәл ғана фантазияңызды іске қоссаңыз, қалдықтың өзінен керемет туынды жасауға болады. Мен жуынатын бөлмеге кішігірім сөре жасадым. Қолданылатын заттар: аяқ киім қорабы, обой қалдықтары, қайшы, клей, сызғыш, щетка. Қораптың ішін, сыртын өлшеп, обойды жапсырып шығамыз. Өзіңізге ыңғайлы етіп, бөліп, сөре жасайсыз. Осылайша, керексіз қалдықтар үйіңізге қажетті затқа айналады.