04
май
2020
Ешкінің пайдасы
1 «В» сынып оқушысы Төлегенова Айзеренің отбасы үйінде ешкі өсіріп отыр. Ешкі – өсімтал түлік. Оның сүті өте құнарлы. Шала туған немесе сүтке жарымайтын балаға берсе, тез торалады. Иммунитет көтеру үшін қарт адамдар да ішеді. Ешкінің сүтінен сүзбе, құрт жасауға болады. Оның түбіті де бағалы. Жылы киімдер тоқиды. Айзере ешкісін өзі сауады. Ол ешкісі мен кішкентай лақтарына шөп, су береді.