Жергілікті өнім - Эмиль сүт өнімдері » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

09
апрель
2020

Жергілікті өнім - Эмиль сүт өнімдері

Шығыс қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін сапалы өңдеу арқылы Кеден Одағы елдеріне тауар экспорттау мүмкіндігіне ие болып отыр. Соның жарқын дәлелі сүт өнімінің елуден астам түрін даярлайтын "Эмиль" фирмасы. Осыдан 20 жыл бұрын алғаш құрылғанда "Эмиль" фирмасы күніне небәрі үш тонна сүт өңдейтін. Бүгінде фирма қуаттылығы күніне 100 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірімшік, айран, сүзбе мен кілегей сынды табиғи таза өнімдердің түр-түрі шығарылады. Қазіргі таңда қала тұрғындары кез – келген дайын өнімді пайдаланатын болғандықтан, ең бірінші жақын жерден келетін дайын жергілікті өнімді пайдалануға тырысады. Эмиль сүт өнімдері күнделікті заводтан сүт өнімдерін тасымалдайтын арнайы көліктермен жеткізіп отырады. Әрбір сүт өнімінің сақтау мерзімі 5-10 күнге беріледі. Яғни, күнделікті жаңа өнімді тұтыну халқымызға пайдасы орасан зор. Мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларынан Эмиль сүт тағамдарын қаншалықты пайдаланатындары жөнінде сауалнама алынды. 132 оқушының 92%-ы жергілікті өнімді пайдаланады. Жергілікті сүт өнімінің пайдасы туралы ата – аналарымыз видео – роликте өз ойларымен бөлісті.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее