06
май
2020
Айбектің қозылары
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі – Орынбеков Айбек жануарларға қамқорлық жасауды ұнатады. Қолы босай қалса, жеке қожалықтарына барады. Айбектің қозылары бар. Тез өсу үшін ол қозыларына бөтелкемен сүт береді. Жүгіріп ойнайды. Қозылары да оны танып алған. Көре сала артынан жүгіреді, кішкентай қамқоршыларын олар да жақсы көреді. Үлкендер Айбекті «Қозым» деп еркелетеді. Бұл сөздің мәнісі енді ашылғандай. Қозылар сүп-сүйкімді болады. Қарындары тойса, басқамен ісі жоқ, монтиып тұрғандары.


