06
май
2020
Алма ағашын күту
Гүлдеп тұрған алма ағаштары айналаға тамаша көрік береді. 4 «В» сыныбының оқушысы – Женисбекова Медина ауласында өсетін алма ағашына қандай қамқорлық жасайтынын көрсетті. Ол ерте көктемде әкесімен бірге жарамсыз бұтақтарын кесіп тастайды, діңін ізбеспен ағартады. Тамырына ауа жақсы өтуі үшін, ағаштың түбін қопсытады, суғарады. Күзде еселенген еңбегінің қарымтасын алқызыл алмалар басады. Алманың құрамындағы темір адам ағзасына қажетті дәрумендерді толықтырады. Кейіпкеріміз күзде өзі қамқорлық жасаған алмаларынан анасымен бірге тосап қайнатады, шырын дайындайды.