05
май
2020
Не ексең, соны орасың
4 «Г» сынып оқушысы Жарқынбаева Нұрдана сабақтан бос уақытында бақшаны күтумен айналысады. Көкөністерді суғарады, түбін қопсытады. Жеміс ағаштарына су құяды. Бақшадағы арамшөптерді жұлады. «Біз, адамзат – табиғаттың ең ұлы перзенті ғана емес, оның ең ұлы қамқоршысы да екенімізді естен шығармауымыз керек» - дейді Нұрдана. «Не ексең, соны орасың»- демекші, дұрыс егіп, дұрыс баптай білсек, жерден жомарт еш нәрсе болмайды.