26
май
2020
Саумал мен қымыз – экологиялық таза, табиғи сусын
1 «В» сынып оқушысы Төлегенова Айзере өз шаруашылықтарында ұстап отырған жылқы малы, одан алынатын қымыз бен саумалдың адам өміріне пайдасы туралы зерттеуімен бөлісті. Кіші жастан егде жасқа дейін қымызды пайдалануға болады. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендердің бәрі бар. Қымызды дайындау технологиясы: жаңа сауылған саумалды таза жуылған күбіге құяды. Құймас бұрын кептірілген күбіге қаймақ жағылады, тобылғымен ыстайды. Күбідегі саумалға қорды құйып, қымызды ашытады. Ашыған қымызды піседі. Жұмысты жеңілдету үшін электр құрылғыны пайдалануға болады. Ертемен сауылған саумалдан кешке қарай балдай қымыз ішуге болады.