09
октябрь
2020
Құстарға ұя, жемсауыт жасайық
2 «А» сынып оқушылары «Экология әлеміне саяхат» факультатив сабағында «Құстарға ұя, жемсауыт жасайық» тақырыбында қашықтықтан оқыту барысында балалар тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйлау мақсатында өздерінің қолынан келгенше құстарға қамқорлық жасауды жөн көріп, жемсауыт, ұя жасады. Кіші мектеп оқушылары құстарға өздерінің жанашыр мейірімділіктерін осы жасаған жұмыстары арқылы танып, бағалауға болады.





