«Құстар асханасы» акциясы
Көпшілігі құстардың қыс мезгілінде тіршілік етуі қалай қиын екендігін біледі ме? Ертеден белгілі көптеген құстар қыс мезгілінде суықтан емес, аштықтан, тойып жейтін қоректің жетіспеуінен қырылып жатады. Сондықтан да құстардың популяциясын сақтау үшін оларды қоректендіру қажет. Қыс мезгілі - құстар үшін ауыр кезең, құстар үшін қорқыныштысы қыстың аязы емес, қыс түсе құстардың жейтін қорек түрінің азаюы болып табылады. Қақаған аяздарда құстың жаурап қалмай жылыну үшін көп энергия қажет, сол себептен жаз мезгіліне қарағанда жиі қоректеніп отыруы керек. «Тойғанға аяз да қорқынышты емес» - деп құстар жайлы айтуға болады. Қыста күннің қысқа уақыты құстарға қорек іздеуге жеткіліксіз. Сол себептен де құстар қорек пен жылулық бар қалаларға, аудан, ауылдарға, елді мекендерге жақын жүреді.
Біздің мектебіміздің оқушылары «Құстар асханасы» акциясына жылда қатысады. 12 Қарашадан 15 наурыз аралығында «Құстар асханасы» атты қалалық акциясы өтеді. Биылғы жылы мектеп ауласына 35 жемшашар ілінді. Жемшашар жасап белсене қатысқан бастауыш сынып оқушылары: Серіққан Аруай, Марат Азамат, Тауфих Арнұр, Дастанұлы Саяуыш, Тоқтаров Шыңғыс, Қасенова Еркеназ, Қасенова Еркенұр, Жомарт Алихан Қасымханов Әлимансұр, Мұратбек Мағжан, Адилбекова Аружан өз қолдарымен істеген жемшашарлары азық толы аулада ілінді. Оқушылар жемшашарларды іле отырып, жем салып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады. «Құстар асханасы» акциясына жиыны 34 сынып, оның ішінде 516 оқушы қатысты. Сонымен қатар балалар құстардың түрлері мен мінез құлықтарын зерттеп бақылағанды ұнатады. Біздің өңірдегі қыстайтын құстар шымшық, торғай, сауысқан, суық торғай, сарнауық торғай, көктене, тоқылдақ т.б. құстар. Қыс мезгілінде жемшашардан қоректенген құстар жазда бізге алғыс айтып, бақтар мен сая бақтардың зиянкестерін құртып, бізді әсем әуенімен қуантады.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде балалар бойына адамгершілік қасиеттер қалыптасады. 25 бала тұрақты түрде биологиялық орталықтағы үйірмелерге қатысады. Мектеп оқушылары облыстық балалар биологиялық орталығындағы зоология, орнитология, экология, гүлдендіру, өсімдіктану үйірмелеріне бірнеше жыл қатарынан қатысуда, онда өтетін түрлі акциялар мен іс шараларға белсене қатысып келеді. Бұл акция әлі де өз жалғасын табуда қазіргі күні жылы жақтан ұшып келетін құстарға «Құстар ұясы» жасалып, ілінуде.