“Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара
18 наурыз күні мектебімізде “Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мерекеге ата-аналар белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген әсерлі кештің куәсі болды. Іс-шара барысында “Абай”, “Жамбыл”, “Ынтымақ”, “Береке” ауылдары өз өнерлері мен салт-дәстүрлерін таныстырып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. “Батамен ел көгерер” демекші, 90 жастағы ардақты әжеміз ақ батасын беріп, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін арнады. Сонымен қатар ұлттық спорттық ойындар