“Ұжымдық кітап оқу” жобасы аясында » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » “Ұжымдық кітап оқу” жобасы аясында

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

13
май
2026

“Ұжымдық кітап оқу” жобасы аясында

2026 жылдың 13 мамырында “Ұжымдық кітап оқу” жобасы аясында мектебімізде рухани-танымдық маңызы зор әдеби іс-шара өтті. МИФ (математика, информатика, физика) бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, талантты жазушы Дулат Исабековтың “Қарғын” романына арналған талдау сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында мұғалімдер романның мазмұнына жан-жақты тоқталып, шығармадағы адам тағдыры, махаббат, қоғам мен тұлға арасындағы қайшылықтар, рухани құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар төңірегінде терең ой қозғады. Қатысушылар кейіпкерлер бейнесін талдай отырып, автордың айтар ойын, көркемдік ерекшелігін және шығарманың тәрбиелік мәнін кеңінен саралады.
Осылайша, ұжымдық кітап оқу жобасы мазмұнды ойлармен, әсерлі пікірлермен және рухани тағылымға толы жарқын іс-шарамен өз мәресіне жетті. Әдебиет әлеміне жасалған бұл рухани саяхат ұстаздар жүрегінде ерекше әсер қалдырып, кітапқа деген қызығушылық пен бірлік құндылығын одан әрі нығайтты.

https://www.instagram.com/reel/DYRxYwkoXao/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==