04
декабрь
2020
Қақапақшалардан не жасауға болады?
Пластик бөтелке қақпақшаларынан керекті заттарды оп-оңай жасап алуға болады. Эковолонтер, 8 сынып оқушысы Бирликбаев Даниал бізге осыны дәлелдеп берді. Ол қақпақшаларға қалай екінші өмір сыйлауға болатындығы жайлы өзінің видеосымен бөлісті. Ендеше қақпақшаларды лақтыруға асықпаңыздар, өз кәделеріңізге жарата біліңіздер. Осы арқылы Сіз экологияның ластанбауына өз үлесіңізді қосасыз.