25
январь
2022
"Кайдзен философиясы немесе үнемді өндіріс" тақырыбында өткен шеберлік-класс
22 қаңтар күні Семей қаласының «№ 3 ЖОББМК»КММ-де онлайн форматта "Кайдзен философиясы немесе үнемді өндіріс" тақырыбында шеберлік-класс өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласындағы "Кайдзен-орталығының" қызметкерлері Құмар Мұсаев пен Құрманғазы Тұрымбетов. Іс-шараға 55 мұғалім қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты: Кайдзен философиясын енгізу, яғни өндірістің барлық саласын үздіксіз жақсартуға негізделген тұжырымдаманың бірі үнемді өндірісті жүзеге асыру болып табылады. Кездесу соңында білім берудегі бұл бағыттың тәжірибелік маңыздылығы жөнінде жақсы пікірлер айтылды. Екі аптадан соң екінші кездесу жоспарланды. Мектеп ұжымы осы философияны қолдану барысында өз тәжірибесімен бөлісетін болады.
Кайдзен-орталығының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.