Зерттеу сабақтарының нәтижесі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Зерттеу сабақтарының нәтижесі

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

16
май
2022

Зерттеу сабақтарының нәтижесі

4 «Б» сыныбында Lesson Study әдісі таңдалып алынып, 3 кезең бойынша сабақтар жүргізілді. Топ мүшелері : А.М.Беркутова, Г.М.Серикова, А.З.Шиянова болды.

Мақсаты: «Lesson Study»   cабақтарында үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға қолдау жасау,пәнге деген қызығушылығын арттыру және әріптестермен бірігіп: сабақ жоспарын  құру, зерттеу сабағын талқылау, сабақтың жоспарын талқылау, зерттеу сабақтарын өткізу,  оқыту  үдерісіндегі   тәжірибені  жақсартуды  және  жетілдіруді  зерттеу. 


       Сабақ жоспарын құру барысында зерттеуші  3  мұғалімнен  құралған топ бірігіп, зерттеу сабағын ұйымдастыру үшін өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу ,орыс тілі  пәндері таңдап алынды. Топ мүшелері ақылдасып,топтық жұмыс жүргізуді таңдады. 

Топта оқушылар кластер, сәйкесін тап, постер, «ойлан, тап» әдістері арқылы тапсырмалар орындады. Таңдап алған әдістер тиімді болды. Үш кезең  Lesson  Study-ды  талқылау  барысында  А  оқушыдан күткен  үмітіміз  ақталды. Оқушы сабақ материалын  толық  көлемде  меңгеріп, өзін  көшбасшы  ретінде   таныта білді.  Орта деңгейдегі  В оқушының сөздік қоры аздау,  бірақ тапсырмаларды толық көлемде  меңгерді,  үмітіміз  артығымен  орындалды. Топтық жұмыс  бұл оқушылардың  белсенділігі  мен  қызығушылығының  артуына  алып келді.  Постер  жасауда  ерекше  белсенділік  танытты. Төмен деңгейдегі  С оқушы  сабақ барысында  сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені байқалды. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды. Әр сабақ соңында назарға алынған А,В,С оқушылардан интервью алынып, сабақтың ұтымды тұстары, жетілдіруді қажет ететін тұстары «оқушы үнімен» айқындалып отырды. Анықталған мәселелер келесі айналым сабақтарында негізге алынып, жетілдіру бағытындағы жұмыстар жоспарға енгізіліп отырды. Ұстаздар арасында тығыз байланыс пен ынтымақтастықта жұмыс жасау жемісін берді. Алдағы оқу жылында  оқушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау жоспарланды.



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее