"Кураторлық әдістеме" » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
июнь
2022

"Кураторлық әдістеме"

2021-2022 оқу жылының екінші жартысында  1"А" және 1"Б" сыныптары арасында "Кураторлық әдістеме" технологиясы бойынша жұмыс жүргізілді. Басты мақсат –  ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуы, "сыныпты көру", оқу мақсатына қол жеткізу үшін барлық баланы қамту, білімді оңтайлы меңгеруге қолжетімділік,  сапасын арттыруға   мүмкіндік. 

 1"А" және 1"Б" сыныптарында математика, ана тілі, дүниетану, жаратылыстану,  «Қорытынды сабақ» (ана тілі) пәндерінен өткізілді. Сабақ жоспарлары оқу бағдарламасына сай құрылды. Сабақтың мазмұнына сәйкес білім алушылар қажеттілігі, қызығушылығы ескеріліп отырды. Білім алушылар топтық, жекелеме, жұптық жұмыстарда   белсенділік көрсетіп, жаңа сабақты түсінгендерін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау барысында көрсетіп отырды. Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балалардың жұмысқа қатысуына көп септігін тигізді. Білгендерін ақылдасады, басқаның пікірін құрметтеуді үйренеді. Кері байланыс жұмыстары  түрлі формада жүзеге асырылды. Куратор сабақтардың ұтымды сәттеріне тоқталып, әдіс –тәсілдер бойынша  бағыт -бағдар беріп отырды. Келесі сабақтарда жетілдіруді қажет ететін мәселелер бірге талқыланып, ұсыныс жасалды. Жаңа оқу жылында оқу мотивациясы төмен оқушылармен жұмысты күшейту және командалық жұмысқа үйрету, икем-дағдыларын дамыту көзделіп отыр. Осындай іс –тәжірибемізді жетілдіріп, бір-бірімізге қолдау көрсетуді келесі оқу жылында да жетілдіреміз деген ойдамыз. 



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее