«Lesson Study» cабақтары қорытындысы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Lesson Study» cабақтары қорытындысы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

31
май
2022

«Lesson Study» cабақтары қорытындысы

                 4-6 сыныптарда сабақ беретін ұстаздар мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақта іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл – «Lesson Study» технологиясымен жұмыс жасады. 3 айналым бойынша сабақтар жүргізілді. 4-сыныптар бойынша 3 топ құрылып, 9 сабақ; 5-сыныптардан 3 топ – 9 сабақ, 6-сыныптардан 4 топ – 12 сабақ, жиыны – 10 топ жұмыс жасап, 30 зерттеу сабақтарын жүргізді. A,B,C тобындағы балалар таңдап алынды. Сынып ерекшелігіне сай, әр топ бір ортақ мақсат қойды. Сабақтар бірге жоспарланып, әр сабақтан соң талдау жасалып отырды.  «Lesson Study»  cабақтарында: үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға қолдау жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру және әріптестермен бірігіп: сабақ жоспарын  құру, зерттеу сабағын талқылау, сабақтың жоспарын талқылау, зерттеу сабақтарын өткізу,  оқыту  үдерісіндегі   тәжірибені  жақсартуды  және  жетілдіруді  зерттеу жұмыстары жүрді және айтарлықтай нәтижесін көруге мүмкіндік болды. Әр сабақ соңында назарға алынған А,В,С оқушылардан интервью алынып, сабақтың ұтымды тұстары, жетілдіруді қажет ететін тұстары «оқушы үнімен» айқындалып отырды. Анықталған мәселелер келесі айналым сабақтарында негізге алынып, жетілдіру бағытындағы жұмыстар жоспарға енгізіліп отырды. Ұстаздар арасында тығыз байланыс пен ынтымақтастықта жұмыс жасау жемісін берді. Дегенмен, орын алған кемшіліктер де болды: Әр сыныптан алынған A,B,C тобындағы балалар белсенділіктерінің бәсеңдеу болуы, ұстаздардың технология түрлерін сынып деңгейіне сай таңдап алмауы, сабақ жоспарлауда топ мүшелерінің толық болмау жағдайлары да кездесті. Ұстаздар өз жұмыстарына баға бере отырып, жаз мезгілінде өзіндік білім көтерумен айналысудың қажет екенін бірауыздан құптады. Алдағы оқу жылында  ұстаздар құзыреттілігінің артуына жол ашатын оқу-іздену, әдістемелік тұрғыда білімдерін толықтыруға ден қою – кезек күттірмейтін мәселе. Ұстаз – ізденімпаз болған жағдайда ғана – оқушы да – ізденімпаз, білімді болмақ.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее