Квест ойыны
03.11.2022 күні 4 «А», 4 «Б» 4 «В» 4 «Г» сыныптары арасында «Ойлан, ізден, тап» квест ойыны өткізілді. Әр сынып бойынша 5 баладан құралған 4 топ бақ сынасты. Ойынның мақсаты: қатысушылардың білімдері мен біліктерін тәжірибеге негізделген пәнге байланысты қолдана білуге дағдылануы; өздігінен қиындықтардан шыға білу дағдысын қалыптастыру; өз көзқарастарын қалыптастыру, өзгелерді тыңдау, диалогқа қатысу, позитивті іскерлестік дағдысын қалыптастыру. Мәні – ойыннан ләззат алу, өз білімін сынай отырып жаңа білім игеру. Ойын 5 аялдама бойынша жүргізілді. Әр аялдамада түрлі тапсырмалар берілген. №1 АЯЛДАМА – «ҚАЗЫНАНЫ ТАП». №2 АЯЛДАМА – «ШЕШЕНДІК ӨНЕР». №3 АЯЛДАМА – «ОЙ СЕРГІТУ». №4 АЯЛДАМА – «КІМ ТАПҚЫР». №5 АЯЛДАМА – «ШЕБЕРЛІК». Ойыншылар математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерінен алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, тапсырмаларды орындады. Ойын соңында жеңімпаз топтар анықталды. 4 «Б» және 4 «Г» сынып топтары тең ұпаймен 1-орынды, 4 «А» сыныбы 2-орынды, 4 «В» сыныбы 3-орынды иеленді.





