06
сентябрь
2023
Бүгінгі күн ертеңгі тарих демекші менің бір күнім
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,
Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен Семей қаласының 3 жалпы білім беретін орта мектебінде еңбек жолымды бастап жатырмын. Мамандығым – химия пәнінің мұғалімі. Мен өз мамандығымды шексіз сүйемін. Өйткені менің оқытaтын пәнім әлемдегі ең ұлы мaмaндықтaрдың бірі, мен оқушыларыма тек қана химияны үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оның өмірдегі маңыздылығын ұғындырғым келеді. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.
Бүгінгі күн ертеңгі тарих демекші осы мектепте өтіп жатқан әрбір күнім үлкен жаңалықтарға толы.