04
декабрь
2020
«Қалдық затты пайдалы затқа айналдыру».
Егер үйіңізде керек емес заттар жатса, оны лақтыруға асықпаңыз. Сәл ғана фантазияңызды іске қоссаңыз, қоқыстың өзінен керемет туынды жасауға болады. Қолдан жасалған ондай заттар достарыңызды қуантары анық. Ендеше назарларыңызға ерекше қиялдан туған тамаша туындысын ұсынған 5 "В" сынып оқушысы Арманқызы Айназ. Айназ қалдық қалбыршадан өзінің сабақ оқитын үстеліне қарындаштар салатын ыдыс жасап, өз еңбегімен бөлісті.