«Отбасылық эко-Lifehack» байқауы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
март
2020

«Отбасылық эко-Lifehack» байқауы








Біздің мектебімізде «Жасыл мектеп» жобасы аясында тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдардан «Отбасылық эко-Lifehack» байқауы ұйымдастырылды. Әр сынып Challenge арқылы үй жағдайында видео, фото түсіріп, эстафетаны сыныптан сыныпқа тапсырып отырды және заттарды ата-анамен бірігіп жасап, осы видеолар арқылы ата-аналармен оқушыларды қызықтырып, тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға шақырдық. Байқау барысында мектептің барлық 819 оқушысы және 412 ата – анасы топтық жұмыспен, жанұяларымен бірігіп әр түрлі заттар дайындады. Темір және ағаш қалдықтарынан жасалған бөлме гүлдерін орналастыратын тұғырлар, пластик шөлмектің қақпақтарынан нүктелік массаж кілемшелері, түсті целлофандардан кілемшелер жасалды. Косметикалық қалдық шөлмектерден кеңсе  заттар салатын ыдыстар, фото рамкалар карандаштардың қалдықтарынан, әртүрлі диск, кілт және қасық - шаңышқы қалдықтарынан бөлме сағаттары жасалды.   Еңбек сабағында жасалған әдемі әшекейлер бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие болды. Осыдан Интернет – дүкен ашу жүзеге асты. Қолдан жасалған әдемі бұйымдарды жарнамалау мақсатында Youtube, Facebook және  Instagram т.б әлеуметтік желілерге орналастырылды.







Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее