Оқушылар жобалар барысында идеяларды пысықтауда » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
март
2020

Оқушылар жобалар барысында идеяларды пысықтауда

Біз, №3 орта білім беретін мектеп - кешенінің оқушылары, бөлме гүлдерін пластикалық шөлмектермен тамшылап суғару идеясын қолға алдық.

1 әдіс бойынша бірнеше бөлме өсімдігін алып, пластикалық шөлмекті алып, ішіне су толтырып, шөлмектің қақпағын тесілген қақпақпен жаптық. Бөлме өсімдігінің қасына ағаш қадап соған   пластикалық шөлмектің ауызын төмен қаратып байлап қойдық. Судың тамшылағанын қадағаладық, егер баяу болса шөлмектің түбін инемен тесіп, жабысқақ қағазбен жауып қойса, су мөлшермен тамшылайды. Тәжірибе барысында алынған нәтижелерді салыстырып, қаншалықты су мөлшері кеткені мен өсімдіктің өсіп дамуын анықтадық. 

2 әдіс бойынша суғару үшін медициналық тамшылатқыштарды қолдану. Ол үшін пластикалық шөлмекті алып түбін кесіп, қақпағын бізбен немесе шегемен тесіп, медициналық тамшылатқышты орналастырдық. Шөлмекті өсімдік қасында орналасқан ағашқа басын төмен қаратып, шөлмек түбінен байлап қойдық. Шөлмекті сумен толтырып, тамшылатқыштың екінші басын өсімдік түбіне қойдық. Тамшының ағуын реттегішпен реттедік. 1 сағатта, бір тәулікте қанша су аққанын қадағалап, күнделікке толтырып отырдық. 

Бұл жобаны практика жүзінде 2019 жылы бастадық. Тәжірибе барысында өсімдіктерді қыс мезгілінде осындай әдіспен суғарудың тиімділігінің бірнеше артықшылығы айқындалды. Өсімдікті суғаруға уақыт болмаған жағдайда, демалыс күндері, жылы су болмаған жағдайда өсімдіктің әр қашан бөлме температурасындағы жылы сумен тамшылап суарылып тұруы.

Тәжірибе. Бөлме өсімдігінің мөлшеріне қарай суды көбірек құямыз, бірақ бұл тұжырым дұрыс болғанымен, артылған су сыртқа ағып кетеді, бұл өз кезегінде суды үнемдемеуге әкеледі. Ал бөлме өсімдігі фикусқа қолдану барысында 1 судың 3-4 күнге жететіндігін анықтадық. 

Өсімдік атауы

Тамшылап суғару әдісі қойылған уақыт. 

1 сағатта қанша су тамшылап ақты

1 тәулікте қанша су тамшылап ақты

1 л су қанша уақытқа жетті

1

Қытай раушанына

12.11.18ж

22мл

528мл

2 тәулікке

2

Фикус

12.11.18ж

22мл

528мл

2 тәулікке

3

Монстера 

12.11.18ж

13мл

312мл  

3 тәулікке

Осылай біздің  «Бөлме өсімдіктері - біздің досымыз» атты әлеуметтік жобамыз екінші «Мектеп жағдайында өсімдіктерді тамшылап суғару жолдары» атты жобаға ұласты. 

Қалалық ТВ «Қазақстан -Семей» каналы  «Сәлем, Семей» бағдарламасына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәні мұғалімдері Ж .Абдрахманова, Д.М.  Исатаеваның жетекшілігімен  8 «В» сынып оқушылары Ерсаинова Дамира, Ерланова Еркежан, 7 «Б» сынып оқушылары Сериков Адлен, Өмірбеков Азиз,  7 «А» сынып оқушысы Әскер Аққу, 7 «В» сынып оқушысы Мубараков Нурали қатысты.   Кездесудің тақырыбы «Жасыл экономика» аясында  өрбіді. Тамшылап суғару бойынша оқушылар жобалар орындау барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы қатысқан бала саны 8 . Бірақ көрермен саны бірнеше мың адам. Тікелей эфирде көп сауалдар қойылды, бұл қала тұрғындарының қызығушылық танытқандығының белгісі. Өз жұмыстарымен экология және экономика жайында ой салды деуге болады.









Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее