Тұрмыстық қалдық заттардан жасалған психологиялық релаксация кабинеті























Мектебімізде психологиялық релаксация кабинеті жұмыс жасайды. Кабинет 3 зонадан тұрады: табиғат зонасы, шығармашылық зонасы, кеңес беру зонасы. Әр зонада оқушылар заттарды өз қолдарымен жасап толықтырған. Табиғат зонасында оқушылар демалып, релаксациялық жаттығулар орындап, аквариум және попугайларға қамқорлық көрсетіп отырады. Кеңес беру зонасында оқушылар өздерінің мәселелерімен келіп, кеңес алып отырады, тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздарымызға да кеңес және бағыт –бағдар беріліп отырады. Жалпы кеңес алуға күнделікті 3-4 оқушы келіп отырады. Сонымен қатар тұрмыс қалдықтарынан мектебіміздегі психологиялық релаксация кабинетіне оқушылар өз қолдарынан ағаш дінінің қалдықтарынан табиғат зонасына жарамсыз болып қалған темірден және ескі пештен камин жасап, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасап, оны бояп екінші өмір сыйлаған. Құм терапиясы да қалдық шыныдан,ескі үстел және табиғи құмнан жасалған. Балалардың сүйіп ойнайтын пазл ойыны да қарапайым қағазға суретті салып, қиып жасалған. Бөтелке крышкаларынан, қалдық маталардан, ескі түймелерден, замоктардан «Дамыту кітапшасы» мен «Планшет» жасап шығарылды. Мұнда балалар түстерді ажыратып, заттарды ретімен орналастырып, бауды байлап, замок жауып, түйме түймелеп деген тапсырмаларды орындап үйренеді, қол моторикасын дамытып қана қоймай әр оқушының ой-қиялын, зейінін дамытуға пайдасы көп. Бұл заттар еш қаражатты қажет етпейді. Осы заттарды жасауда оқушылар өз идеяларын қосып, ат салысты.