Жазғы еңбек » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
июнь
2020

Жазғы еңбек

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Тұрсынғалиев Қайсар 4 сыныпты тамамдады. Қазір Байтоғас ауылындағы ата-әжесінде демалысын өткізуде. Таза ауада табиғи тағамдар жеп, демалысын пайдалы еңбекпен ұштастыруда. Үлкен қожалықта сиыр өсіріледі. Сиыр малының әрқайсысы нөмірленген. Оны құлақтарындағы сырғадан көруге болады. Мал дәрігері оларға бақылау жасап, уақытымен екпе салып отырады. Қайсар үлкендерге көмектеседі. Сиырларын, бұзауларын суғарады. Сиыр – өсімді әрі пайдалы мал. Етін, сүтін күнделікті тұтынамыз. Сүтінен қаймақ, май, айран, қатық, құрт, ірімшік, сүзбе жасалады. Кейіпкеріміз малды күтудің қыр-сырын үйреніп жүр.

Похожие публикации:

27 апрель 2020 Қолғанат
24 апрель 2020 Суды үнемдейік
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее