Қайта өңделген қоқыстардан не жасалады?
Қазіргі таңда қоқысты іріктеуді игере алмау мәселесі өзекті болып отырғаны белгілі. Мұның түрлі себебі бар, біріншіден тұрмыс қалдықтарын өндейтін технологияның жолға қойылмауы, қажетті ресурстардың тапшылығы, күнделікті шығатын қалдықтардың үлкен көлемі, сонымен қатар, адамдардың қоқыстан болатын залалдың, экологияға әкелетін қауіпті толық сезінбеуінде. Қағаз, пластик, мата, резеңке, қаңылтыр құты, әйнек қайта өңдеуге жіберіледі. Резеңкеден паркет, бөтелкеден күртеше жасалатынын білдіңіз бе?