25
март
2020
Эко мебель
Эко жиһаз
Қалалық полигондарға пластмасса, макулатура, картон, қағаз қалдықтары мен шыныны сұрыптаусыз тастауға тыйым салынғаны жөн болар еді. Сол себепті мектебіміздің ұстаздары мен ата – аналарынан құралған еріктілер тобы пластикалық шөлмектерді қоқысқа тастамау жолдарын іздеуде. Пластикалық шөлмектерді пайдалану мақсаты: бірнеше жыл шірімейтін қоқысты азайту арқылы табиғатты ластанудан қорғау. Өртеген жағдайда адам денсаулығына зиянды улы түтін бөлетіндіктен пластик шөлмектерді екінші рет пайдаланып, тұрмысқа қажетті заттарды жасауға жоспарладық. Алдағы уақытта шөлмектерден жасалған заттарды түрлі – түсті былғарымен қаптап, мектеп дәліздеріне қою жоспарлануда. Сондықтан акция жарияланып шөлмектер жинақталды.












