«Тыңайтқыштың пайдасы»
Көктем мезгілінде аулаға , бау-бақшаға егілетін әртүрлі өсімдіктер мен гүлдерге арнап қатарлар мен гүлзарлар дайындалады. Осы орайда топырақтың құнарлы болуы үшін қарашірік пен көңнің алатын орны ерекше. Органикалық тыңайтқыштар энергетикалық материал ғана емес топырақтағы микроорганизмдердің қоректенуінің негізгі көзі болып саналады. Көң мен қарашірік микрофлораларға бай болғандықтан жинақтайтын бактериалар тіршілігінің белсенділігін арттырып, аммонификация, нитрификация үдерістерін жеделдетеді. Микроорганизмдердің дамуы нәтижесінде қарашірік біртіндеп минералданады. Оның үстіне көңнің ықпалынан топырақтағы қарашіріктің құрамы артып, топырақтың қабаты, ылғал жинағыштағы, биохимиялық және микробиологиялық әрекеті күшейеді, мұның өзі қоректік заттарды, өсімдіктің жақсы сіңіруіне жағдай туғызады. Топыраққа сіңірілген органикалық тыңайтқыштардың қарашірікке айналуы нәтижесінде топырақ бетіндегі ауа көмір қышқылына баийды, бұл өсімдіктердің өсіп жетілуіне жағдай жасайды.
Егу кезіндегі тыңайтқыш тұқыммен бірге себіледі, немесе көшетпен отырғызатын өсімдіктер қатарынан сәл қашықтау жолақтанып себіліп, топырақпенжабылады. Бұндай пайдаланылған тыңайтқыштар жасөсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Бұнда жақсыеріп, оңай игерілетін тыңайтқыштар топыраққа азмөлшерде себіледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар мен төгінді су ағындылары топырақтағы органикалық заттарды толтыратын көзі болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарға әр түрлі тағам қалдықтары, қағаз, шүберек, күл және тағы басқалары жатады. Тыңайтқыштық сапасы жағынан тұрмыстық қалдықтар көңге жақын, олардың ыдырау жылдамдығы құрамындағы компоненттердің арақатынасына байланысты. Оларды пайдаланудың ең оңай жолы — қордалау.Топырақты құнарландыру үшін қағаз, шүберек, ағаштан жасалған тұрмыста қолданыстан шығып қалған заттарды шіріту, қорадағы қи қордалары шіріту арқылы алуға болады. Мектеп ауласына тыңайтқыштар себіліп, гүлдер отырғызылды.





